Маңғыстау облысында 1-сынып оқушыларына орын жетіспейді

785

Биыл Жаңаөзенде тағы бір мектептің құрылысы басталады. 

Маңғыстау облысында 1-сынып оқушыларына орын жетіспейді

Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласындағы № 16 мектептің әкімшілігі "биыл бос кабинет жоқ, сондықтан 1-сыныпқа бала қабылданбайды" деп ата-аналардың зәресін ұшырған. Ал ондағы 500 оқушыға арналған бұрынғы балабақша ғимаратында 1200-ден астам бала оқиды екен. Алайда қалалық білім бөлімі мектеп әкімшілігі бізді дұрыс түсінбей, босқа шу шығарды деп отыр.

"Жаңа оқу жылына балаларды қабылдаймыз. Өткенде бала көп келген уақытта кабинеттерді қарап, дайындадық. 10 сынып бастауышпен қоштасты. Олар 5-сыныпты № 3 орта мектепте жалғастырады. Сөйтіп, 1-сыныптарға орындар болады. Ал хабарламаны мектеп әкімшілігі шығарып жіберген. Түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Өзіміздің ресми түрде жауабымызды бердік, сол негізде жұмыстар жүргізілуде",– дейді Жаңаөзен қалақалалық білім бөлімінің басшысы Тәттімбет Жұмалиев.

Айта кету керек, биыл Жаңаөзенде тағы бір мектептің құрылысы басталады. Өндірістік алаңда бой көтеретін жаңа білім ошағына № 3 орта мектеп көшіріледі деп жоспарлануда. Ал, оның орнына жоғарыда аталған №16 бастауыш мектебінің оқушылары баратын болады. Мұнайлы қалада бүгінде 24 – мемлекеттік, 1 – жекеменшік және 1 кешкі мектеп жұмыс істеп тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу