Маңғыстау облысында 11 баланың анасы TikTok-тағы видеосы үшін сотталды

367

Сот жаңаөзендік тұрғынның биыл сәуірде TikTok әлеуметтік желісінде жариялаған бейнежазбасын "әлеуметтік және ұлттық алауыздықты қоздыруды негіздейді" деп бағалаған. 

Маңғыстау облысында 11 баланың анасы TikTok-тағы видеосы үшін сотталды Фото: бейнеден скриншот

Жаңаөзендік Жадыра Досекеева Қылмыстық кодекстің "телекоммуникация желілерін пайдалана отырып, әлеуметтік алауыздықты қоздыру" бабы бойынша кінәлі деп танылып, үш жыл шартты жазаға кесілді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Белсенді қоғамдық жұмыстарға тартылатын болады. Сонымен қатар, тұрғынға үш жыл бойы әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салынды.

Қылмыстық іс биыл маусымда қозғалған болатын. Сот барысында прокурор оның бас бостандығын 4 жылға шектеу жазасын тағайындауды сұраған. Ал сот айыпталушының кәмелетке толмаған балалары барын ескеріп, үш жыл шартты жаза кескен. Сондай-ақ  белсенді жазаны өтеу кезінде жыл сайын 100 сағатқа мәжбүрлі еңбекке тартылады.

"Сотталушы Жадыра Досекеева өзінің кінәсін мойындамай, соттан ақтау үкімін шығаруды сұрады. Жадыра Досекееваның кінәсі куәлердің жауаптарымен, психологиялық-филологиялық сараптама қорытындысымен, істің басқа да құжаттарымен дәлелденді. Сот Жадыра Досекееваға жаза тағайындау барысында асырауында кішкентай балаларының болуын қылмыстық жауапкершілігін жеңілдететін мән-жайлар деп таныды. Ауырлататын мән-жайлар анықталмады”, – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу