Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында танысын ұрып-соққан қыз бен осыны видеоға түсірген 11 жасар қыздың ата-анасына қатысты іс қаралды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "Мой город" порталына сілтеме жасап.
Сотпен анықталғандай, азаматша А. 11 жастағы қызы Ө.-ге қатысты кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу жөніндегі ата-аналық міндеттерін орындамаған. Бұл қызының қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар қасақана іс-әрекет жасауына алып келген.
Сот отырысында әйел адам кінәсін толық мойындап, жасаған іс-әрекетіне өкініп, соттан жеңіл жаза тағайындауды сұрады.
ӘҚБтК-нің 127-бабының 3-бөлігі ("Кәмелетке толмаған адамның қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар қасақана іс-әрекетті жасауына алып келген ата-ананың кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамағаны үшін") бойынша көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 11 жастағы қыздың анасы кінәлі деп танылды. Ол 73 840 теңге көлемінде айыппұл төлеуі тиіс.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.