Маңғыстау облысында полицейлер ескірті сатпақ болған 2 ер адам мен әйелді ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде есірткінің ірі партиясын тәркіленді.
Тәртіп сақшылары "Газель" көлігін тінту кезінде 8 картон қорабына салынған марихуана есірткісін анықтады. Оның жалпы салмағы – 185 келі және 980 грамм.
"Есірткі оңтүстік өңірлерден Маңғыстау облысына жеткізілген. 38 жастағы әйел мен 31 және 28 жастағы ер адамдарға қатысты қылмыстық іс қозғалды", – деп жазылған хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу