Маңғыстау облысында 19 қытайлық азамат заңсыз жұмыс істеп келген

983

Маңғыстау облысында 19 қытайлық азамат заңсыз жұмыс істеп келген

Маңғыстау прокурорлары мен көші-қон полициясы қызметкерлері Мұнайлы ауданында Қытай Халық Республикасының 19 азаматын ұстады. Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін шетелдік азаматтар ел аумағынан шығарылды. Бұл туралы Лада.кз сайтына сілтеме жасап "ҚазАқпарат" ХАА хабарлайды.

Ұсталғандар Мұнайлы ауданындағы ЖШС бірінде заңсыз еңбек еткен.

"Мұнайлы аудандық соты ҚР ӘҚБК 517-бабы 5-бөлігін (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның жүзеге асыратын қызметі визада және (немесе) тіркеу кезінде көші-қон карточкасында көрсетілген мақсаттарға сәйкес болмауы немесе рұқсат алмастан ҚР еңбек қызметін жүзеге асыруы) қолдану арқылы құқық бұзушыларды ел аумағынан шығару туралы шешім шығарды", – деп түсіндірді Мұнайлы аудандық прокуратурасының прокуроры Әнуар Қасымов. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу