Маңғыстау облысында 2 адам улы газдан қайтыс болды

1155

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Түркістан облысында улы газдан қайтыс болған адамдардың жақындарына көңіл айтты.  

Маңғыстау облысында 2 адам улы газдан қайтыс болды

Министр мұндай қайғылы жағдай елімізде жиі тіркеліп жатқанын жариялады деп хабарлады inbusiness.kz тілшісі. 

"Министрліктің және өз атымнан Түркістан облысында қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтамын. Өкінішке қарай мұндай жағдай аз емес. Кеше ғана Маңғыстау облысында 2 адам газ баллон жабдығындағы улы газдан уланып, қаза тапты. Түркістан облысында газ жабдығын пайдаланған жас жігіт қайтыс болды", – деді Юрий Ильин.

Белгілі болғандай, былтыр елімізде 22 адам табиғи газға уланып, қайтыс болды. 11 адам газ қондырғысының жарылуынан көз жұмды.  

Айта кетейік Түркістан облысындағы қайғылы оқиға 17 ақпанда тіркелді. 
Жеке тұрғын үйде газға уланған 5 адамның денесі табылды. Олардың төртеуі кәмелетке толмаған балалар, 

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу