Маңғыстау облысында 2 автомектептің жұмысы тоқтатылды

292

Прокурорлар тексеріс барысында автомектептердің курс бітіргені туралы жалған куәліктер бергенін анықтады.

Маңғыстау облысында 2 автомектептің жұмысы тоқтатылды Фото: yablor.ru

Жүргізушілерді механикалық көлік құралдарымен даярлаудың 100-ден астам фактісі тіркелген, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Атап айтқанда, механикалық көлік құралдары жүргізушілерін медициналық қарап тексеруден өтпеу, жүргізушілерге қорытынды сабақтар өткізбеу, қорытынды аттестаттау мен емтихандарды қабылдамау, оқу жоспары мен жоспар-кестесін бекітпеу, көлік құралы қосымша ажыратуыш жетегі және тежеуіш педальдарымен жабдықталмауы анықталған. 

Сонымен қатар автомектептерде көлік құралдары мүлдем жоқ, тиісінше тәжірибелік сабақ өткізуге мүмкіндігі жоқ екені белгілі болды.

Тексеру нәтижесінде автомектеп басшылары әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 2 автомектептің қызметі тоқтатылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу