Маңғыстау облысында 20 млн. теңге мемлекет қаржысы үнемделді

876

Мектептің бас есепшісі компьютер құнын он есеге артық бағалаған.  

Маңғыстау облысында 20 млн. теңге мемлекет қаржысы үнемделді

Жаңаөзенде қалалық білім бөлімі бас есепшісінің өз міндетіне салғырт қарауы мемлекетті 20 млн. теңгеден астам қаражатқа шығынға батыра жаздады. Қазіргі күні жауапсыздығы үшін мемлекеттік қызметшіге қатаң сөгіс беріліп отыр.

Белгілі болғандай, құзырлы орган орта білім беру нысандары қатысқан мемлекеттік сатып алуларға талдау жүргізген. Оның барысында, бір мектепке 14 ноутбук сатып алу үшін қажет сома порталда 23 млн 333 мың теңге деп көрсетілген. Яғни, бір портативті компьютер құны нарықтағы бағадан 10 есе артық боп шыққан. Соның салдарынан сұраныс кері қайтарылды.

"Жыл басынан бері аймақтағы барлық мектеп қашықтан оқытуға көшіріліп жатыр. Осыған сәйкес, облыстық білім басқармасы мен оның аудандық бөлімдері ноутбуктар алу үшін мемлекеттік сатып алуларға қатысуда. Талдау кезінде бір мектепке алынатын бір компьютер құны 1 млн. 600 мың теңге деп көрсетілгені анықталды. Біздің араласуымызден бастапқы баға 178 мың болып өзгерді", - дейді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің аға офицері Ерлан Сисеналиев.

Құралай Қуатова

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу