Маңғыстау облысында 247 сайлау учаскесінде дауыс беру қыза бастады

727

Уақыт ерекшелігіне байланысты Астанадан бір сағат кеш басталып, жергілікті уақытпен таңғы сағат 7-де Маңғыстау облысында барлық сайлау учаскелері жұмысын бастады.    

Маңғыстау облысында 247 сайлау учаскесінде дауыс беру қыза бастады Фото: inbusiness.kz

Облыстық сайлау комиссиясының мәліметінше, Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауында 8 аумақтық, 118 округтік және 247 учаскелік сайлау комиссиялары жұмыс істеуде.

247 сайлау учаскесінің 4-і қайта құрылды. 52-нің шекарасы өзгертілді. Облыста 418 002 сайлаушы тіркелген. Оның ішінде 20 579 тұрғын мүгедектер тобына жатады. Ерекше қажеттіліктері бар 7970 адам бар: көру қабілеті бұзылған 992 адам, есту қабілеті нашар 580 адам, тірек-қозғалыс аппараты бұзылған 5542 адам, мүгедектер арбасын 856 адам пайдаланады.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, 190 ғимаратта 127 нысан ерекше қажеттіліктері бар адамдарға толық қолжетімді, 49 нысан жартылай қолжетімді. Сайлау күні 15 "Инватакси" автокөлігі, 13 сурдоаудармашы жұмыс істеуде. Облыстағы барлық сайлау учаскелері "Брайль" шрифтімен жазылған трафареттермен және бюллетеньдердің аудио нұсқаларымен қамтамасыз етілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу