Маңғыстау облысында 3 мың тоннадан астам мұнайдың заңсыз өндірілгені анықталды

991

Сарапшылар заңсыз өндірілген мұнайдың нарықтағы орташа құнын есептеп, жарты миллиард теңге деп бағалады.

  Маңғыстау облысында 3 мың тоннадан астам мұнайдың заңсыз өндірілгені анықталды

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері мұнайдың және мұнай өнiмдерiнің шығарылу заңдылығын растайтын құжаттарсыз оларды тасымалдау, иемдену, өткiзу, сақтау, сондай-ақ мұнайды қайта өңдеу бойынша қылмыстық істі тергеу жұмысын аяқтады.

Тергеу барысында "SK Petroleum" ЖШС-нің 2019 жылғы тамыздан бастап "Солтүстік Қарамандыбас" мұнай кен орнынан Жаңаөзен қаласындағы мұнай құятын базаларға жалпы көлемі 3441,408 тонна шикі мұнай тиегені анықталған.

"SK Petroleum" ЖШС-де заңсыз өндірілген 3367,056 метрикалық тонна көлеміндегі шикі мұнайдың нарықтағы орташа құны сарапшылардың сараптама қорытындысы бойынша 581 724 571 теңгені құрады. Көрсетілген шикі мұнайдың көлеміне соттың санқциясы бойынша тыйым салынды. Сотқа дейінгі тергеу аясында "SK Petroleum" ЖШС директорының кінәсі толықтай дәлелденді. Айыпталушы тұлғалардың әрекеті ҚР ҚК 197-бабы 4 б.,2 т. және 214-бабының 2 б.,2 т. сәйкес анықталды",– деп жазылған Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз хабарламасында.

Қылмыстық іс айыптау актісімен бірге соттың қарауына жіберілген.

Фото: vedomosti.ru

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу