Маңғыстау облысында 300 келіден астам бекіре тұқымдас балық тәркіленді

591

Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Маңғыстау облысында 300 келіден астам бекіре тұқымдас балық тәркіленді Фото: polisia.kz

Маңғыстау облысы Полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Ақтау қаласының аумағында 26 шағын ауданда Lexus маркалы автокөлігін тоқтатты, деп жазады inbusiness.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Автокөлікті тексеру барысында 76 дана бекіре тұқымдас балықтар табылды, олардың жалпы салмағы 302 келіні құрады.

Бұл дерек бойынша ҚР ҚК 339-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған күдіктілер - 32 жастағы азамат пен 44 жастағы азаматша.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу