Маңғыстау облысында 4 жасар бала екінші қабаттан құлап кетті

274

Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Маңғыстау облысында 4 жасар бала екінші қабаттан құлап кетті Фото: ivteleradio.ru

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданында 2020 жылы туған бала тұрғын үйдің екінші қабатынан құлап кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, бала түрлі жарақаттармен жергілікті ауруханаға жеткізілді және ол дәрігерлердің бақылауында.

Төтенше жағдайлар министрлігі кішкентай балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмауға шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу