Маңғыстау облысында 600 адам Отан алдындағы борышын өтеуден қашып жүр

1617

Маңғыстау облысында 600 адам Отан алдындағы борышын өтеуден қашып жүр

Маңғыстау облысында 600 жігіт Отан алдындағы борышын өтеуден қашып жүр, деп хабарлайды 24.kz.

Әскерге шақыру алғанымен, олар жергілікті әскери басқару органдарына мүлдем келмеген. Іздеу жарияланған азаматтарды табу үшін облыстық қорғаныс департаменті өкілдері мен мен полиция бірлескен шара өткізуде. Рейд барысында олардың тұрғылықты мекенжайы мен жұмыс орындары тексеріліп жатыр.

Жалпы қазір елімізде күзгі әскерге шақыру науқаны жүруде. Қыркүйектен бері Маңғыстау облысынан әскерге 700 бозбала шақырылса, соның 400-і еліміздің қарулы күштері қатарына қабылданған.

Ата заңымызға сәйкес, әскерге шақыртылған 18 бен 27 жас аралығындағы кез келген азамат Отан алдындағы борышын өтеуге міндетті.

"Қазіргі таңда мекенжайы бойынша шақыру қағаздарын апарамыз. Көбі есіктерін ашпайды. Әке-шешелері бізге өздерінің балалары жөнінде нақты ақпарат бермейді. Бір-екі рет ескертеміз. ҚР 561-заңына сәйкес 30 бап бар. Отызыншы бап бойынша азаматардың тізімін ішкі істер бөліміне береміз", - дейді облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті басшысының орынбасары Шынболат Ақмұратов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу