Маңғыстау облысында "7-20-25" бойынша бастапқы жарна төмендетіледі

824

Бастапқы жарнаны төмендетудің тетігі қарастырылып, арнайы бағдарлама әзірленуде.

Маңғыстау облысында "7-20-25" бойынша бастапқы жарна төмендетіледі

Маңғыстау облысында алдағы көктемнен бастап "7-20-25" бағдарламасы бойынша бастапқы жарна төмендетіледі, деп хабарлайды 24.kz.

Кей санаттағы тұрғындар үшін алғашқы жарнаның 10% жергілікті бюджеттен субсидиялау жоспарлануда. Өңірде алты айда 3,5 миллиард теңгені құрайтын 443 өтінім келіп түскен.

Бағдарлама қабылданғалы 6 айдың ішінде 262 отбасы қоныс тойын тойлаған.

Елбасы тапсырмасына сәйкес бастапқы жарнаны төмендетудің тетігі қарастырылып, арнайы бағдарлама әзірленуде. Өңір басшылары белгілі бір оператор арқылы 20-ның 10%-ын жергілікті бюджеттен субсидиялауды жоспарлап отыр. Ол үй алушыларға әлеуметтік көмек және бюджеттік несие түрінде беріледі.

"Алғашқы жарнаны жеңілдетілген түрде берілетін тұрғындардың санаттарын мәслихаттың шешімімен бекітеміз. Ол бірінші кезекте біздің жоспарымыз бойынша бюджеттік мекемелердің қызметкерлері болып табылады. Ол мұғалімдер, денсаулық сақтау саласының қызметкерлері және құқық қорғау саласының қызметкерлері болып табылады. Барлық шаруалар ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында аяқталады", – дейді облыстық сәулет және құрылыс басқармасының бөлім басшысы Имаммахмұт Шағырбаев.

Биыл Маңғыстау облысында 6 мың пәтер тапсырылады. Оның басым бөлігі "7-20-25" бағдарламасы бойынша үй алғысы келетін тұрғындарға беріледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу