Ақтау, Жаңаөзен, Мұнайлы және Түпқараған аудандарында тексеру жүргізілді, деп жазады inbusiness.kz сайты облыстық прокуратураға сілтеме жасап.
Жетім балалар баспана кезегіне тұрғызылмаған, сонымен қатар олардың заңды қамқоршыларының білім бөлімдеріне уақытылы өтініш бермегені анықталды.
Аталған мәселені жергілікті атқарушы органдар да бақылауға алмаған. Осыған байланысты білім беру бөлімінің мамандары ескерту мен сөгіс түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу