Маңғыстау облысында 8 монополистке қатысты тергеу жүргізілді

454

75 әкімшілік іс қозғалды. 

Маңғыстау облысында 8 монополистке қатысты тергеу жүргізілді Фото: baq.kz

Бұл туралы ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша аумақтық департаментінің басшысы Бауыржан Есенов Өңірлік коммуникациялар алаңында айтты. 

2022 жылы 103 нарық субъектісіне қатысты 8 тергеп-тексеру тағайындалды.

Оның ішінде 3 тергеп-тексеру картельдік келісім белгілері бойынша 98 нарық субъектісіне қатысты жүргізілді.

Нәтижесінде 60-тан астам нарық субъектісі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 36 млн теңгеден астам монополиялық табысы тәркіленді және 2,5 млн теңгеден  астам мөлшерде айыппұл салынды.

"Одан бөлек "ҚазГӨЗ" ЖШС өзінің монополиялық жағдайын теріс пайдалана отырып, сұйытылған мұнай газын өткізу барысында оның көлемдерiн негiзсiз қысқартуға жол бергені анықталды. Бұл дерек бойынша, Департаментпен әкімшілік хаттама толтырылып, сот шешімдерімен 28 миллион теңгеге жуық айыппұл салынды", - деді Бауыржан Есенов.

Департамент 2022 жылы 36 тауар нарығына талдау жүргізді.

Осы кезеңде нарық субъектісінің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерінің болуы туралы 92 хабарлама түріндегі ден қою актісі енгізілді.

"Оның ішінде, 42% мектепке дейінгі білім беру саласындағы, 32% медицина саласындағы нарық субъектілерінің әрекеттеріне қатысты енгізілді. Яғни, медицина ұйымдары тиісті талдау түрлерін (скрининг, жатыр мойны обыры) мемлекеттік үлесі бар бір ғана ұйымға - Облыстық перениталдық орталығына жолдап отырса, мектепке дейінгі ұйымдар қосымша талаптар жүктеп отырған. Нәтижесімен, бұзушылықтар жойылып, медицина ұйымдары жолдамаларды тең бөліп отыруға міндеттенді", деп толықтырды Бауыржан Есенов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу