Маңғыстау облысында адамдарды алдап 112 миллион теңге алған қылмыстық топ ұсталды

462

Оның атына республиканың әр өңірінен 20 адам арыз жазған.

Маңғыстау облысында адамдарды алдап 112 миллион теңге алған қылмыстық топ ұсталды Фото: ҚР Ішкі істер министрлігі

Маңғыстау облысында мұнай компаниясына жұмысқа орналастырамын деген сылтаумен тұрғындардан ақша алған адамды ұстады, - деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ол автокөліктер мен жылжымайтын мүлікті алып-сату, мұнай компанияларының біріне жұмысқа орналастыру сылтауымен 112 млн теңгеден астам қаражатты иемденген.

Ұсталғандардың тұрғылықты жері мен жұмыс орны бойынша тінту жүргізілді.

Заттай дәлелдемелер тәркіленді. Қазіргі уақытта топтың үш мүшесі қамауда. Қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Олар ұйымдасқан қылмыстық топты құрып, оны басқарды және оған қатысты деп айыпталуда.

Тергеу мүддесі үшін өзге мәліметтер жария етілмейді, – деді ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу