Маңғыстау облысында "Айбалта-2025" оқу-жаттығуы аяқталды

137

Бейнеу ауылы маңындағы оқу-жаттығу полигонында "Айбалта-2025" жедел-стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті.  

Маңғыстау облысында "Айбалта-2025" оқу-жаттығуы аяқталды Фото: gov.kz

Оқу-жаттығу әскерлердің жылдам өзгеріп отыратын жағдайларда әрекет ету қабілетін айқын дәлелдеді. Маневрлер барысында ұрыс жүргізудің озық тәсілдері, жаңа тактикалық әдістер мен маневр жасау стратегиялары сыннан өтті, деп жазады inbusiness.kz сайты Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

– Әскер тектері мен бөлімдердің жоғары деңгейдегі өзара ықпалдастығы барлық сценарийлерді пысықтауға және қойылған тапсырмаларды тиімді орындауға мүмкіндік берді. Жеке құрам далалық дайындықтың, үйлесімділіктің және қазіргі заманғы сын-қатерлерге бейімделу қабілетінің жоғары деңгейін көрсетті, – делінген ақпаратта.

Кәсіби шеберлігі мен жетістіктері үшін үздік шыққан әскери қызметшілер мен бөлімшелер құрмет грамоталарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

"Айбалта-2025" оқу-жаттығуы Қазақстан әскерінің қазіргі жедел жағдайларда қорғаныс пен шабуылда жауынгерлік тапсырмаларды тиімді орындай алатынын дәлелдеді.

Жаттығу барысында жинақталған тәжірибе мен нәтижелер жауынгерлік даярлықты жетілдіруге, жедел өнерді дамытуға және елдің қорғаныс әлеуетін нығайтуға негіз болмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу