Маңғыстау облысында салмағы 5,7 келіден асатын ұл бала дүниеге келді, анасы екеуінің жағдайы жақсы, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Нәресте отбасындағы екінші бала, бірінші сәбиін 2022 жылы 4 320 грамм салмақпен босанған. Анасында гестациялық қант диабеті болған. Қазіргі таңда анасы мен баласының жағдайлары қанағаттанарлық, тұрақты. Дәрігерлердің жіті бақылауында.
"Ата-аналар алып бала туылса, "батыр бала дүниеге келді" деп қуанып жатады. Алайда, көпшілігіміз сәбидің ауыр салмағы ананың да, баланың да денсаулығына үлкен қауіп төндіретінін біле бермейміз. Шындығында, "алып бала" қуанышының артында не тұр?! Ең алдымен, нәрестенің үлкен салмағы (макросомия) анасы үшін өте қауіпті. Өйткені, табиғи босану кезінде қынаптың, жыныс мүшелері етінің, жұмсақ ткандерінің жыртылуы орын алып, жатыр атониясынан босанғаннан кейінгі қан кету қаупі тууы мүмкін", – деп жазды облыстық перинаталдық орталық.