Маңғыстау облысында арқар атқан полицейлер жұмыстан босатылды

1518

Браконьерлердің үстінен қылмыстық іс қозғалған.

Маңғыстау облысында арқар атқан полицейлер жұмыстан босатылды

Маңғыстау облысында браконьерлік жасаумен көзге түскен екі полиция қызметкері жұмыстан босады. Айта кетейік, Қызыл Кітапқа енген арқар аңын атып ұсталған төрт адамның екеуі тәртіп сақшысы болып шыққан еді, деп жазды inbusiness.kz тілшісі. 

"2021 жылы 26 сәуірде әлеуметтік желілерде Маңғыстау облысында инспекторлардың браконьерлердің ізіне түскен видеосы таралған болатын, олардың арасында ішкі істер органдарынан екі полиция қызметкері болды. Біздің қатарымызда мұндай қызметкерлерге орын жоқ. Бұл оқиғадан кейін екі қызметкер де орнынан босатылды. Браконьерліктің бірде-бір фактісі жазасыз қалмайтынын, ал қылмыскер қарапайым адам немесе құқық қорғау органдарының қызметкері болуына қарамастан жазаланатынын мәлімдегім келеді. Заң баршаға ортақ", - деп жазды әлеуметтік желілерде облыстық полиция департаментінің бастығы Жанарбек Бақтыбаев.

Айта кетейік, табиғат қорғау инспекторлары қаскөйлердің көлігін 100 шақырымдай қуып жүріп, қолға түсірген. Олар Шетпе ауылының төрт азаматы болып шықты. Екеуі – полицейлер. Инспекторларға ұсталған кезде олар құтылып кетуге әрекет жасаған. Браконьерлерден 4 аңшы мылтығы мен жабайы аңның еті тәркіленіп, үстерінен қылмыстық іс қозғалды. 

Құралай Қуатова
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу