Маңғыстау облысында арнайы комиссия жұмысын бастады

1155

Өңірде мұнай-газ саласындағы мамандарды жұмысқа қабылдау ашық жүргізілмек.

Маңғыстау облысында арнайы комиссия жұмысын бастады

Жаңаөзенде жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша облыстық комиссия құрылды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Биыл 8 ақпанда Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Абзал Меңдібаевтың төрағалығымен Жаңаөзен қаласында мұнай-газ саласындағы ұйымдарға жұмысқа қабылдау алгоритмінің толық ашықтығын қамтамасыз ету жөніндегі комиссия құрылды", – деп жазылған хабарламада.

Оның құрамына мемлекеттік органдардан басқа Жаңаөзендегі жұмыссыздар қатарынан бастамашыл топ өкілдері де кірді.

Комиссияның негізгі мақсаты – бастамашыл топтың белсенділерімен бірлесіп, мәселені шешу жолдарын қарастыру, оңтайлы шешімге келу.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу