Маңғыстау облысында аса ірі көлемде бюджет қаржысын жымқырды деген күдікпен шенділер ұсталды

701

Аталған факті бойынша 189-баптың 4-бөлігі 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Маңғыстау облысында аса ірі көлемде бюджет қаржысын жымқырды деген күдікпен шенділер ұсталды

Маңғыстау облысында аса ірі көлемде бюджет қаржысын жымқырды деген күдікпен үш адам ұсталды, оның ішінде облыстық құрылыс басқармасының бастығы болды, деп хабарлайды inbusiness.kz облыстық экономикалық тергеу басқармасына сілтеме жасап.

"2017 жылы "Бейнеу аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен мердігер ұйымның арасында Сарға ауылының су тазарту қондырғысы мен елдімекен ішінің су құбыры құрылысына мемлекеттік сатып алу негізінде жалпы сомасы 477,6 млн теңгеге шарт жасалғаны анықталды. 2021 жылдың 24 тамызында  сот құрылыс сараптамасының қорытындысы бойынша 203,6 млн теңгеге жұмыстар орындалмағаны белгілі болды", – деп жазылған хабарламада.

Аталған факті бойынша 189-баптың 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.  Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына жеткізілді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу