Кеше, 7 қазанда Маңғыстау облысы бойынша Шекара қызметі Департаментінде жазатайым оқиға болып, мерзімді әскери қызмет атқарып жүрген әскери қызметші қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Алдын ала мәлімет бойынша, өлімнің себебі – техникалық жұмыстар кезінде қауіпсіздік шараларын сақтамау.
"Осыған қатысты полиция қылмыстық іс қозғады, қосымша қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады", – делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу