Маңғыстау облысында азық-түлік бағасын тұрақтандыруға 1,5 млрд теңге бөлінді

1028

Биыл Маңғыстау облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасын тұрақтандыруға 1,5 млрд теңге бөлінген, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Маңғыстау облысында азық-түлік бағасын тұрақтандыруға 1,5 млрд теңге бөлінді

Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, өңір басшысы Нұрлан Ноғаев азық-түлік тауарларына баға белгілеудің барлық тізбегіндегі делдалдық схеманы тергеп-тексеру бойынша комиссия отырысын өткізген. 

Отырыста 2022 жылы "Каспий" ӘКК" АҚ-ның тұрақтандыру қорында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бойынша 462,1 тонна көлемінде бірінші сұртты бидай ұны, 57,488 тонна көлемінде макарон, 171 тонна қарақұмық жармасы, 63,250 тонна тазартылған күріш, 541,8 тонна құмшекер, 91 456 литр сұйық май, 61,615 тонна ас тұзы бар екені айтылды.

Биыл мамырда 136 тонна тұз, 134 тонна күріш, 136 тонна құмшекерді қоймаға жеткізіледі деп жоспарланып отыр.

2022 жылы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының қорын толықтыруға 1,5 млрд теңге бөлінген.

"Бұл қаражатқа "Каспий" ӘКК" АҚ азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорын құрып, айналым қаражатын толықтыру үшін кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие береді. Осылайша, кәсіпкерлер 19 түрлі әлеуметтік маңызы бар азық-түлікті бөлшек сауда дүкендеріне нарықтағы құнынан төмен бағада сатады. Бұл бағаның төмендеуіне оң әсерін тигізеді", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу