Маңғыстау облысында балабақша 32 млн теңгеге үш принтер сатып алмақ болды

437

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өңірлік бөлімшесінің хабарлауынша, балабақша әр принтер үшін 10,7 млн теңгеден  төлеуді жоспарлаған.  

Маңғыстау облысында балабақша 32 млн теңгеге үш принтер сатып алмақ болды Фото: adyrna.kz

Маңғыстау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің хабарлауынша, өңірде сатып алу мониторингі кезінде ведомство кейбір мемлекеттік мекемелердің сатып алынатын тауарлардың құнын едәуір арттырғанын анықтады, деп хабарлайды

"Өңірде мемлекеттік сатып алуды тиімсіз жоспарлайтын мекемелер бар. Мәселен, Түпқараған аудандық білім бөлімінің мемлекеттік балабақшаларының бірі 32,1 млн теңгеге үш принтер сатып алуды жоспарлаған. Яғни, ол принтердің бір данасын 10,7 млн теңгеге сатып алуды көздеді. Алайда, тауардың нарықтағы құны 100 мың теңгені құрайтыны анықталды", - дейді Антикор аймақтық департаменті басшысының бірінші орынбасары Біржан Хайруллин.

Департаменттің араласуынан кейін балабақша сатып алу жоспарын қайта қарады. Осының арқасында 31 млн теңге бюджет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік туды. Жалпы, жыл басынан бері Маңғыстау облысында Антикор бюджеттен 1,2 млрд теңгені негізсіз жұмсауға жол бермеді.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                      

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу