Маңғыстау облысында балабақша басшылығы тамақты үнемдегені үшін кешірім сұрады

626

Таңғы ас кезінде №7 топтың тәрбиешісі балаларға жеткілікті мөлшерде тамақ бермегені анықталды. 

Маңғыстау облысында балабақша басшылығы тамақты үнемдегені үшін кешірім сұрады Фото: бейнеден скриншот

Маңғыстау облысының білім басқармасы Ақтаудағы балабақшада 12 бала бар топқа небәрі бес порция тамақ берілгені түсірілген видеоға қатысты пікір білдірді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

“Тәрбиеші бұл әрекетін бұрын балалар таңғы асты үнемі ішпегенін және тамақ қалып қоятынымен түсіндірді. Сондықтан оны кішкене порцияға бөліп салған. Тәрбиешіге қатысты тәртіптік шаралар қабылданды. Балабақша басшылығы ата-аналардан кешірім сұрады”, – деді білім басқармасы.

Еске сала кетсек, бұған дейін бүлдіршіндердің ата-аналары шағым түсірген еді. Тағы бір ана басшылық ауысқан соң мекемедегі балаларға деген көзқарас өзгеріп, баласын басқа балабақшаға ауыстыруға мәжбүр болғанын атап өтті. Ата-аналарының айтуынша, 12 бүлдіршінге таңғы асқа тек бес порция, ал кешкі асқа төрт порция тамақ берілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу