Маңғыстау облысында балабақшаның төлем ақысы қымбаттады

937

Балабақша төлемі өткен жылмен салыстырғанда 5% өсті. Оған себеп – азық- түлік құны мен айлық есептік көрсеткіштің қымбаттауы.  

Маңғыстау облысында балабақшаның төлем ақысы қымбаттады Фото: lada.kz

Бұл өзгеріс Маңғыстау облысында әкімдігінің "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" қаулысына сәйкес жасалды, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Аймақта балабақшаға ең көп төлейтін - Ақтау қаласының ата-аналар.

Ақтауда үш жасқа дейінгі балаға балабақшада күніне 718 теңге, үш жастан асқан балалар үшін 806 теңге төлейтін болды.

"Жаңаөзенде 1 күн үшін 663 және 806 теңге төлесе, Бейнеу ауданында кіші топ балалары үшін 652теңге, үш жастан асқандарға 767 теңгеге жетті. Қарақия ауданында ата-аналар одан да көп шығындануына тура келеді. Балабақшадағы төлемақы 714 бен  873 теңге болса,  Маңғыстау ауданында 663 және 815 теңге. Мұнайлы ауданында ата-аналар баланың жасына қарай 663 және 824 теңге төлейтін болды. Ал Түпқараған ауданында балабақшада бір күн болу бөбектер үшін 685 теңге, үш жастан асқандарға 841 теңге болып белгіленді", –  делінеді облыстық білім басқармасының хабарламасында.

Ата-аналар Наурыз айының төлемін жаңа баға бойынша төлеу міндеттелді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу