Маңғыстау облысында балалар пансионаттарында діни әдебиеттерді пайдаланған

195

Сонымен қатар басқа да заңдылықты бұзу фактілері анықталды. 

Маңғыстау облысында балалар пансионаттарында діни әдебиеттерді пайдаланған Фото: Qazaqstan 3D

Маңғыстау облысы прокуратурасының органдары балалар пансионаттары түріндегі қайырымдылық мекемелерін тексеру барысында қолданыстағы заңнама талаптарының бұзылғанын анықтады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Мәселен, облыста 5 пансионат қызмет көрсеткен (Мұнайлы ауданында 2, Жаңаөзен қаласында, Қарақия және Түпқараған аудандарында 1).

Алайда, іс жүзінде мекемелердің қызметі олардың жарғылық мақсаттарына қайшы келді.

Барлық мекемелер бойынша тәрбиеленушілердің діни әдебиеттерді пайдаланғаны және басқа да заңдылықты бұзушылық фактілері анықталды.

Бұл ретте, қайырымдылық мекемелерінің білім беру қызметімен айналысуға лицензиялары болмаған.

Осылайша балалардың білім, тәрбие және уақтылы медициналық көмек алу құқықтары мен бостандықтары айтарлықтай бұзылған.

Тексеру нәтижелерімен еңбек, санитарлық-эпидемиологиялық және өрт сөндіру заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін пансионаттар басшылығына қатысты 11 әкімшілік хаттама толтырылып, 1,3 млн теңге айыппұл салынды.

Балаларды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi тиiсiнше орындамағаны үшiн олардың заңды өкiлдерi (ата-аналары) де әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылды.

Қазіргі уақытта прокурорлардың талап-арыздары бойынша сотпен барлық көрсетілген пансионаттардың тіркеу күші жойылып, қызметтері тоқтатылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу