Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында прокуратураның шараларынан кейін балалардың пайдасына 37 млн теңге алимент берешегі өндірілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Алимент төлеуден жалтарған 22 борышкер әкімшілік, тағы 3 адам қылмыстық жауаптылыққа тартылды.
Аудан прокуратурасы сот актілерінің орындалуын қамтамасыз ету және кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау бағытындағы жұмысты жалғастырады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу