Маңғыстау облысында Бейнеу ауданы экологиялық апат аймағы деп жариялануы мүмкін

347

Осыған дейін сенатор Бекбол Орынбасаров Бейнеу ауданын экологиялық апат аймағы деп тануды ұсынған болатын. 

Маңғыстау облысында Бейнеу ауданы экологиялық апат аймағы деп жариялануы мүмкін Фото: mangystaumedia.kz

Экологиялық порталда Маңғыстау облысында Бейнеу ауданын экологиялық апат аймағы деп жариялау мақсатында зерделеу жұмыстары үшін қоғамдық тыңдау ашылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты mangystaumedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қоғамдық тыңдау тұрғындарының өтініші негізінде қаралады. Порталда өтініш беру үлгісі видеода көрсетілген. Осыған дейін сенатор Бекбол Орынбасаров Бейнеу ауданын экологиялық апат аймағы деп тануды ұсынған болатын.

Сенатордың айтуынша, халық денсаулығының нашарлауы, топырақтың тұздануы мен шаңды дауыл Арал теңізінің құрғауы салдарынан туындаған.

Айта кетейік, республиканың кейбір бөліктері ядролық қару және басқа апатты климаттық ықпалдарды қолдану салдарынан радиациялық немесе экологиялық апат аймақтары болып танылған. Осы аймақтарда тұратын азаматтарға заңнамамен әлеуметтік және медициналық салаларда әр түрлі қолдау көзделген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу