Қайғылы оқиға Маңғыстау облысының Маңғыстау ауылында болған. Алдын ала болжам бойынша, олар астан немесе үйді дезинфекциялау кезінде уланған болуы мүмкін, деп хабарлайды 24.kz.
Жедел жәрдем қызметі 23 қараша күні таңғы 7-де шақырту алған. Алайда 29 жастағы бойжеткен ауруханаға жетпей, жолда көз жұмды. Сондай-ақ 2016 жылы туған бүлдіршін шетінеп кетті. Қазір 57 жастағы әйел мен тағы үш жеткіншек өңірлік ауруханада жатыр.
Екі күн бұрын №47 үйдің тұрғындары қандала улау жұмыстарын жүргізетін маман қызметіне жүгінген. Қазір ол екі тәулікке қамауға алынды. Қылмыстық кодекстің 104-бабымен тергеу жүріп жатыр. Ал қаза тапқандардың жанұяларына материалдық көмек беріледі.
"Аталған екі үйге байланысты қазіргі таңда аудан әкімдігінің тарапынан қаржылай көмек көрсету шаралары алынуда. №42 үйдің төрт подъезінің қазір екі подъезі санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығының қорытындысына байланысты толық көшірілді. Бірде-бір тұрғын жоқ. Маңғыстау ауылында орналасқан №26 жатақханадан орындар дайындалған. Алайда тұрғындар ағайын- жақын-тумаларына баруына байланысты бас тартты", - дейді Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары Берік Біләлов.