Маңғыстау облысында бір аптада 5 өрт оқиғасы тіркелді

347

Оның ішінде екі жағдайда көлік құралдары зақымданған.  

Маңғыстау облысында бір аптада 5 өрт оқиғасы тіркелді Фото: lada.kz

Маңғыстау облысында бір аптада 5 өрт оқиғасы тіркелді. Зардап шеккендер жоқ. Бұл туралы облыстық ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz lada.kz порталына сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, 16-22 қаңтар аралығында қалада 5 өрт оқиғасы тіркелді.

16 қаңтар күні таңертең қаланың 26 шағын ауданындағы көлік тұрағында "Опель-Вектра" маркалы көлік өртенді.

20 қаңтар күні сағат 08:10-да Жаңаөзендегі "Мерей" шағын ауданындағы үйлердің бірінің ауласында үш бөлмелі монша өртке оранды. Қызыл жалын  16 шаршы метр аумақты шарпыды.

21 қаңтарда Сайын Шапағатов ауылдық округінде Тұмышов көшесінде уақытша салынған баспанаға жақын жерде қазандықтан өрт шықты.  Өрт 15 шаршы метр аумақты қамтыды. Бұдан басқа сол күні "Тойота-Пикап" көлігінен өрт шықты. Оқыс оқиға Бейнеудің Шағырлы көшесіндегі үйдің ауласында болды.

Облыстық ТЖД мәліметінше, аталған оқиғаларда ешкім зардап шекпеген.

Айта кетейік, осыған дейін Атырауда тұрғын үйдегі өрттен 6 адам құтқарылғанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу