Маңғыстау облысында бір мектептің 95% түлегі грантқа ие болды

2007

Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданының Қызылтөбе лицейінде №51 мектеп түлегі ҰБТ-ға қатысып, оның 46-сы мемлекеттік грант иеленсе, біреуі ТЖМ-нің академиясына оқуға түсіп, тағы біреуі Түркия елінің грантын ұтып алды.

Маңғыстау облысында бір мектептің 95% түлегі грантқа ие болды

"Мектеп бітірушілердің 35-і жалпы мемлекеттік грант иегері атанды. Ал 11 бала нысаналы грант алды. Яғни Маңғыстау облысы түлектері үшін арнайы бөлінген 6 мың грантқа үміткер болды. Нысаналы грант алғандар инженерлік және педагогтық мамандықтарда білімін шыңдайтын болады", – дейді Мұнайлы аудандық білім бөлімінің басшысы Батырбек Демократұлы.  

Аталмыш ауданына қарасты Шоғы Мұңалұлы атындағы №5 жалпы білім беретін мектеп үшін биыл жемісті жыл болды. Білім ордасының 86 түлегі ҰБТ тапсырып, оның 70-і мемлекеттік білім грантының конкурсына қатысқан. Нәтижесінде, оның 69-ы грант иегері атанды.

Мұнайлы ауданы грант иеленуден өңірде көш басында тұр. Барлығы 561 грант иегері шықты. Бұл аудандағы мектеп бітірушілердің тең жартысы грант иегері атанды деген сөз. ҰБТ-да 133 балдық ең жоғары ұпайды да осы ауданның оқушысы жинады.

Тасым Жаңай

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу