Маңғыстау облысында бір отбасы газдан уланып қалды

1028

Үш бала мен олардың анасы көз жұмды.

Маңғыстау облысында бір отбасы газдан уланып қалды

Маңғыстау облысында Мұнайлы ауданының Батыр ауылында бүтін бір отбасы газдан уланып қалды. Үш бала мен олардың анасы қаза болды, отағасы мен тағы бір бала ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға кеше, 13 ақпан күні Астана-2 көшесіндегі үйде болған.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, жеделжәрдем қызметіне хабарлама сағат 17.42-де түскен.

"Оқиға орнына 3 жедел жәрдем бригадасы жіберілді. Оларға "газдан улану" диагнозы қойылды. Анасы 39 жаста, балалар 14, 13 және 2 жаста. Өкінішке қарай, жедел жәрдем қызметі барғанда олар көз жұмғаны анықталды", – делінген ақпаратта.

43 жастағы отағасы мен мен 9 жастағы бала облыстық ауруханаға жеткізілген.

"Ер адам жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы қазір ауыр халде. Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жатқызылған 2011 жылғы ұлының жағдайы тұрақты ауыр, асқынулар жоқ. Есі анық, гемодинамикалық көрсеткіштері тұрақты", – деді Денсаулық сақтау басқармасынан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу