Үйден 7 адамның мәйіті табылды. Олардың бесеуі – кәмелетке толмаған балалар. Барлығы оқиға орнында қайтыс болды.
"Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаментінің алдын ала болжамы бойынша, қайғылы оқиға газ жабдықтарын пайдалану ережесін бұзу салдарынан облған. Қаза тапқандар – Қазақстанда уақытша тұрып жатқан Өзбекстан азаматтары екені анықталды", – делінген ресми хабарламада.
Қазіргі кезде төтенше оқиғаның себебін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды.
Оны Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Ізбергенов басқарады.
Қайтыс болған отбасының туыстарына жан-жақты көмек беріледі. Жерлеу рәсімін ұйымдастыруға да жәрдем көрсетіледі.
Маңғыстау облысы әкімі осы оқиғағы жеке бақылауына алды.