Маңғыстау облысында бірқатар шектеу шарасы енгізілді

562

Жаңаөзен қаласы, Қарақия ауданы және Ақтау арасындағы жолдарда блокпост орнатылады. 

Маңғыстау облысында бірқатар шектеу шарасы енгізілді

Жаңаөзен және Қарақия ауданының аумағында ағымдағы эпидемиялық жағдайды ескере отырып (оның ішінде Рахат, Теңге, Қызылсай, Сенек, Бостан, Құланды, Болашақ ауылдарында) 2020 жылғы 25 маусым сағат 00:00-ден 2020 жылғы 13 шілде сағат 07:00-ге дейін карантин режимі және бірқатар шектеу шарасы енгізілетін болады.

Жаңаөзен қаласы, Қарақия ауданы және Ақтау арасындағы жолдарда блокпост орнатылады. Аталған елдімекендерге халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін көлікке ғана кіруге және кетуге рұқсат етіледі.

  • Қашықтағы жұмыс режиміне кәсіпорындардың барлық нысандарындағы қызметкерлердің 80% өтуі тиіс.
  • Такси қызметі сағат 06:00-ден 10:00-ге дейін және сағат 17:00-ден 21:00-ге дейін жұмыс істейді.
  • Сағат 06:00-ден 10:00-ге дейін және сағат 17: 00-ден 21:00-ге дейін кафелер мен мейрамханалардың тамағын жеткізуге болады, сондай-ақ тұрғындарға азық-түлік пен дәрі-дәрмектер алуы үшін жүруге рұқсат етіледі.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу