Маңғыстау облысында биыл 150 шақырым жол жөнделеді

859

Бұл өңірдегі туристік кластердің дамуына мүмкіндік береді.  

Маңғыстау облысында биыл 150 шақырым жол жөнделеді

Маңғыстау облысында 2020 жылы автомобиль жолдары саласында 20-ға тарта жоба жүзеге асырылады, деп хабарлады Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Ол қазақстандықтарға танымал демалыс аймақтарына кедергісіз жетуге мүмкіндік беріп, өңірдегі туристік кластерді дамытуға септігін тигізбек.   

Бүгінгі таңда облыста жергілікті маңызы бар жолдарды салу, қайта жаңарту және орташа жөндеуден өткізу жұмыстары жалғасып жатыр. Сондай-ақ, өңірде республикалық Маңызы бар жолдар да жөнделуде. Мәселен, Ақтауда "МАЭК" су жинағышынан "Құрық" паромды кешеніне дейінгі автожол жаңартылуда. Қазір жобаның 5-ші кезеңінің үшеуі аяқталуға жақын.  Жол Каспий теңізі жағалауы бойында жатқандықтан, өңірдегі туристік сала үшін маңызы зор. Бұдан бөлек, биыл "Жыңғылды – Шайыр – Шерқала", "Шетпе – Қызан" жолдары қайта жаңартылып, Ақтауда Өмірзақ елдімекенінен Жылы жағажайына дейінгі автожол құрылысы жүргізіліп жатыр. 

Құралай Құдайберген 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу