Маңғыстау облысында Болат Назарбаевқа тиесілі 239 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

889

Қазіргі уақытта мемлекетке Маңғыстау облысында 239 мың гектар және Жамбыл облысында 60 мың гектар жер қайтарылған. 

Маңғыстау облысында Болат Назарбаевқа тиесілі 239 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

"AMANAT" партиясы жанындағы мемлекеттік басқаруды дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің төрағасы Ерлан Саиров осыны мәлімдеді. Барлығының меншік иесі Болат Назарбаевтың еншілес компаниялары болған,- деп жазады inbisness.kz тілшісі.

Бұған дейін Бас прокуратурамен бірлескен шарада аумағы 244 гектар 59 жер учаскесі анықталған еді. Олардың да иесі Болат Әбішұлы  болды.

"Басты миссиямыз- заңсыз жеке қолға өткен ұлттық байлықты мемлекетке қайтару. Біз бұл жұмысты жүйелі түрде жүргізетін боламыз. Аты-жөнінің атағы жер жарса да, бұрынғы еңбегі және қалтаның қалыңдығы әділеттілікті қалпына келтіруге кедергі болмайды.  Халықтан алдыңыз ба? Қайтарыңыз!" - дейді Ерлан Саиров.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу