Маңғыстау облысында былтыр 80 мыңнан астам жүргізуші жауапкершілікке тартылды

778

Маңғыстау облысында патрульдік полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзған 80 мыңнан астам жүргізушіні анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Маңғыстау облысында былтыр 80 мыңнан астам жүргізуші жауапкершілікке тартылды

2020 жылдың 12 айында Маңғыстау облысының патрульдік полиция инспекторлары 80 227 әкімшілік хаттама толтырып, оның ішінде көлік құралын басқару кезінде ұялы телефон пайдаланған 10 684  жүргізуші, қауіпсіздік белдіктерін тақпаған 16 259 жүргізуші жауапкершілікке тартылған. Бұдан басқа жүргізуші куәлігінсіз жүрген 8 298 жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылыпты. Бағдаршамның тыйым салынған түсінен 1 704 жүргізуші өтіп, қарсы қозғалыс жолына 696 жүргізуші шыққан. Жылдамдықты асырған жүргізушілер саны – 1 295, көрсеткіш 2019 жылмен салыстырғанда 70%-ға азайғаны байқалады.

Өңірде өткен жылы жаяу жүргіншілерді өткізбегені үшін 1 471 автокөлік жүргізушісі жауапкершілікке тартылған. 2020 жылы 7 644 жаяу жүргіншіге айыппұл салынған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу