Маңғыстау облысында бюджеттен 29,5 млн теңге жымқырған колледж басшысы 7 жылға сотталды

192

Колледждің 29 қызметкеріне заңсыз сыйақы берген.

Маңғыстау облысында бюджеттен 29,5 млн теңге жымқырған колледж басшысы 7 жылға сотталды Фото: pravlife.org

Прокуратура органдары бюджет қаражатын тиімді пайдалану заңдылығының сақталуына тұрақты түрде талдау жүргізіп келеді. Талдау барысында гуманитариялық колледж директоры қызметкерлерге тиесілі еңбек сыйақы төлемдерін жымқыру фактісі белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Бұл туралы Маңғыстау облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді.  

"Колледж директоры 2022 жылғы желтоқсан мен 2023 жылдың тамыз айлары аралығында колледждің 29 қызметкеріне сыйақы беру туралы негізсіз бұйырықтар шығарып, 29,5 млн теңгені заңсыз иемденген", - делінген хабарламада.

Бейнеу аудандық сотының үкімімен колледж директоры ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағымен кінәлі деп танылып, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Мемлекетке келтірілген шығын 29 550 929 теңге өндірілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу