Маңғыстау облысындағы ЕАЭО шекарасында орналасқан өткізу пункттері жаңғыртылуда

Өткізу пункттеріндегі құрылыс 2023 жылдың наурыз айында басталды. 

Маңғыстау облысындағы ЕАЭО шекарасында орналасқан өткізу пункттері жаңғыртылуда Фото: kazgazeta.kz

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті қазіргі уақытта өңірде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекара учаскесінде орналасқан "Темір-баба" (Қазақ-түрікменстан мемлекеттік шекарасы) және "Тәжен" (Қазақ-өзбекстан мемлекеттік шекарасы) өткізу пункттерін жаңғырту және техникалық жете жарақтандыру жобасы іске асырылып жатқанын хабарлайды.

Бұл жобаны іске асырудың мақсаты қазіргі заманғы талаптарға сәйкес келтіру қазақстандық өткізу пункттерін жайластыру мен жарақтандыруды болып табылады, бұл:

- пункттердің өткізу қабілетін, тиісінше көлік құралдарының санын және тауар айналымын ұлғайту;

- деректерді бақылау, байланыстыру, беру және алмасудың заманауи технологияларын енгізу;

- жеке тұлғаларды, багажды, тауарлар мен көлік құралдарын бақылауды жүзеге асыру үшін өткізу пункттерін жаңа жабдықтармен жарақтандыру.

Жаңғыртудың жоспарланған мерзімі - 19 ай.

Өткізу пункттеріндегі құрылыс 2023 жылдың наурыз айында басталды. Жобаны аяқтау 2024 жылдың соңында жоспарлануда.

Жобаны іске асыру шеңберінде өткізу пункттерін кесіп өтуді болдырмау мақсатында көлік құралдарының қозғалыс ағындарын бөле отырып жайластырылатын болады. Сондай-ақ қойма үй-жайлары, автотұрақтар, карантиндік тұрақтар, ірі габаритті/ауыр салмақты көлік құралдары үшін бөлек жолақтар жабдықталатын болады. Көлік құралдарының қозғалыс жолақтарының саны 2-ден 6-ға дейін ұлғайтылады (әр бағытта 3-тен).

Өткізу пункттері автокөлік құралдарының тоқтаусыз қозғалысын бақылаудың автоматтандырылған жүйесімен жарақтандырылатын болады. Бұл жүйе техникалық бақылау дәлізі болып табылады. Ол арқылы тауарлар мен көлік құралдарына қатысты автоматтандырылған режимде өту кезінде кедендік бақылаудың техникалық құралдарын (инспекциялық тексеру кешені, өлшеу жабдығы және т.б.) пайдалана отырып бақылау жүргізіледі.

Осылайша, жаңғыртудан кейін өткізу пункттерінің өткізу қабілеті 8-12 есеге арттырылуы және уақытты 1 сағаттан 25 минутқа дейін қысқартылуы жоспарлануда.

"Өткізу пункттерін жаңғырту" жобасын іске асыру өткізу пункттерін жұмыстарын тоқтатпай, сонымен қатар автокөлік пен жеке тұлғалардың қозғалысын шектей отырып жүргізілетініне назар аударамыз.

Көлік құралдары мен жеке тұлғаларды өткізу, өткізу пункттері аумағының бір бөлігінде жүзеге асырылады, ал құрылыс жүргізіліп жатқан аумақтың қалған бөлігі қоршалған және тасымалдау үшін жабық.

"Осыған байланысты, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардан, тасымалдаушылардан және басқа да мүдделі тұлғалардан тауарлар мен көлік құралдарын тасымалдау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өту кезінде осы шектеулерді ескеруді сұраймыз", – деп хабарлады Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу