Маңғыстау облысында елімізді Өзбекстанмен байланыстыратын жол қолданысқа беріледі

1328

Маңғыстауда бұдан өзге тағы да облыстық, аудандық маңызы бар 10 автожол жаңартылып жатыр. 

Маңғыстау облысында елімізді Өзбекстанмен байланыстыратын жол қолданысқа беріледі

Келер жылы Маңғыстауда Қазақстан мен Өзбекстанды байланыстыратын жаңа автожол пайдалануға беріледі. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте сала мамандары баяндады, деп хабарлайды 24.kz.

"Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан шекарасы" тас жолының құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Қазір 85 шақырымдық жолдың тең жартысы аяқталды. Бұл жол "Ташкент-Астрахань" халықаралық транзиттік көлік дәлізіне қосылады. "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында жүзеге асып жатқан жобаға ел қазынасынан 20 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінген. Аталған автожол ашылған соң тәулігіне 7 мың көлік жүріп өтпек.

Маңғыстауда бұдан өзге тағы да облыстық, аудандық маңызы бар 10 автожол жаңартылып жатыр. 

"Қазіргі таңда 350 шақырымға жұмыс жасалып жатыр. Жалпы құны 62 млрд жарымға. Ол нысандар 2017-2020 жылы бітетін жобалар. Атап айтқанда "Қызан-Ақшымырау" жолы. "Шетпе-Шерқала" жолдары. Сосын республикалық маңызы бар жолдар", – дейді облыстық жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасы басшысының м.а. Асқар Алтаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу