Маңғыстау облысында ер адам әйелін балағаттап, мойнынан қылқындырған

328

Ер адам 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. 

Маңғыстау облысында ер адам әйелін балағаттап, мойнынан қылқындырған Фото: freepik

Маңғыстау облысына қарасты Түпқараған аудандық сотында ӘҚБтК-нің 73-2 бабының 1-1 бөлігімен азамат Е.-ге қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қаралды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Түпқараған аудандық сотында 2024 жылы 8 наурызда С.Шапағатов ауылы тұрғыны азамат Е. әйелі Н-мен сөзге келіспей қалып, оны боқтап-балағаттап, ар-намысына тиетін сөздер айтып, бір қолымен мойнынан қылғындырып, тән ауруына ұшыратып, бірақ денсаулыққа жеңіл зиян келтіруге әкеп соқпаған күш қолданған. Сот қаулысымен Е-ға ӘҚБтК-нің 73-2 бабының 1-1 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 10 тәулікке қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды", - делінген хабарламада.

Қаулы заңды күшіне енген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу