Маңғыстауда киік мүйіздерін қымбатқа сатып табыс таппақ болған ер адам сотталды

568

Айыпталушы 7 жылға бас бостандығынан айырылды және бес жылға аң аулауға тыйым салынды. 

Маңғыстауда киік мүйіздерін қымбатқа сатып табыс таппақ болған ер адам сотталды Фото: polisia.kz

"Тергеушілердің мәліметінше, 26 қаңтарда Маңғыстау тұрғыны 144 келі (527 дана) киік мүйізін сатып алған. Ол мүйіздерді үстіне ақша қосып, қымбатқа сатуды жоспарлаған, бірақ оның ойы іске аспады. Сот ер адамның мәміле кезінде немесе одан кейін ұсталғанын нақтыламады", - делінген хабарламада.

Ерекше iрi залал келтіре отырып, жануар қалдықтарын заңсыз сақтап және сатумен айналысқаны үшін 12 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Прокурор айыпталушыны жеті жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

"Сот ер адамды кінәлі деп тауып, жеті жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ оған бес жылға аң аулауға тыйым салынды", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу