Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданында цистернаға газ толтыру кезінде жарылыс болып, екі адам, оның ішінде Өзбекстан азаматы қайтыс болды, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға кеше кешке Баянды ауылының маңындағы "Матайбаев" ЖК базасында болған.
"Сұйылтылған газды 40 текше метрлік тұрақты резервуардан автоцистернаға құю кезінде газ-ауа қоспасы жарылған. Апат салдарынан 1974 жылы туған ер адам және 1987 жылы туған Өзбекстан азаматы оқиға орнында қайтыс болды", – деп жазылған баспасөз қызметі хабарламасында.
Қайғылы жағдайдың себептері анықталып жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу