Маңғыстау облысында хаттар дрондармен жеткізіле бастады

1579

Түпқараған ауданының Ақшұқыр ауылына республикалық корреспонденция алғаш рет дронмен жеткізілді.

Маңғыстау облысында хаттар дрондармен жеткізіле бастады

Айта кетсек, "Қазпошта" басылымдарды дрондармен жеткізу жобасын үшінші жыл іске асыруда. Бұған дейін хаттар және газет-журналдар дрондармен тек Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Түркістан, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында жеткізілсе, биыл жобаға Батыс Қазақстанның  Маңғыстау және Ақтөбе облыстары да қосылады, деп хабарлайды "Қазпошта".

"Дрондар жеткізу процесін оңтайландыруға көмектеседі, бірақ олар пошта қызметкерінің жұмысын ешқашан ауыстырмайды", – дейді "Қазпошта" АҚ Маңғыстау облыстық филиалының директоры Дариға Утебалиева.

Жалпы алғанда, жобаны іске асыру барысында дрондар 4 960 сағатта 145 мың км өтіп, шамамен 18,5 тонна мерзімді басылымды тасымалдайды. Барлық аудандарда 2 және 4 кг жүк көтере алатын 20 дрон жұмыс істейді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу