2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні

Маңғыстау облысында қалдықтарды термиялық жою зауыты салынбақ

1398

Термиялық жою қайта өңдеуге келмейтін қалдықтарға қолданылады.

Маңғыстау облысында қалдықтарды термиялық жою зауыты салынбақ

Маңғыстау облысында қалдықтарды термиялық жою зауытын салу жоспарлануда, деп хабарлайды 24.kz.

Энергетика министрлігі келтірген ақпаратқа сай, сәуір айында жобаны жүзеге асыру үшін өндірушінің кеңейтілген міндеттемелері операторы, өңірлік әкімдік пен Hanki Industrial Co. Ltd арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

"Төмен температуралы пиролизді қалдықтарды газдандыру жобасы қазіргі уақытта техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу сатысында тұр. Оны әзірлеуден кейін жобалау-сметалық құжаттамалар дайындалады", – делінген министрліктің хабарламасында.

Термиялық жою қайта өңдеуге келмейтін қалдықтарға қолданылады. Негізінен бұл олардың құрамындағы пайдалы компоненттерді алу үшін жасалады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу