Маңғыстауда облысында автобус маршруттарының тарифі өзгерді, деп хабарлайды egemen.kz.
2017 жылғы маусым айы мен қазан айының аралығында Маңғыстау облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына 8 мекемеден жолақы құнын көтеру жөнінде өтініш хаттар келіп түскен еді. Бұл облысішілік тұрақты жолаушы тасымалы маршруттарына қызмет көрсетеді.
Тасымалдаушылардан жолақы құнын көтеру жөніндегі өтініштердің түсуіне нарықтағы жанар-жағармай бағасының тұрақсыз өсуі, қосалқы бөлшектер мен сервистік қызмет көрсетудің қымбаттауы, жаңа автокөлік бағасының, автостанциялардағы жалдау ақысының өсуі және соның салдарынан тасымалдаушылардың жүріс шығындарының ақталмауы себеп болған.
Тасымалдаушылардан түскен өтініштердің негізінде Маңғыстау облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тұрақты ауданаралық (қалааралық, облысішілік) қатынастары тарифтері жөніндегі арнайы комиссия құрды. Ортақ дауыс беру нәтижесінде комиссия құрамының жартысынан көбі (75%) тұрақты жолаушы тасымалы маршруттарының тариф құнын көтеруді қолдап, ұсыныс беріп, шешім шығарды.