Маңғыстау облысында қоқиқаздардың неден өлгені тексеріліп жатыр

802

Маңғыстау облысы орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы Бейнеу ауданында қоқиқаздардың қырылуына байланысты тексерісті бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Маңғыстау облысында қоқиқаздардың неден өлгені тексеріліп жатыр Фото: lada.kz

"2022 жылғы 24 сәуірде Facebook-те видео таралды. Онда Бейнеу ауданына қарасты Сам құмында Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген 5 бас қоқиқаздың (фламинго) өлген денесі құм арасында жатқаны көрсетілген. Бүгінде бұл дерек бойынша "Сам" мемлекеттік орман қорының инспекторлары оқиға орнына жедел түрде шығып, анықтау жұмыстары жүргізіп жатыр", – деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ "Охотзоопром" ӨБ" РМҚК-ның Ақтөбе филиалының инспекторлары, Бейнеу аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Сам құмы және оған іргілес жатқан аумақтарда тексеру жұмысын жүргізуде.

Мамандар қоқиқаздардың қырылуына байланысты болжам жасады.

"Маңғыстау облысында шаңды дауыл, жел соғып тұр. Жыл құстарының миграциясы Бейнеу ауданы аумағынан өтеді. Қолайсыз ауа райында, құстардың миграциясы кезінде ішіндегі әлсіздері орта жолда қонып, әрі қарай солтүстік бағытқа ұша алмауы салдарынан олар өлген болуы мүмкін. Бұл аумақта су көздері жоқ. Құстар табылған жағдайда, ветеринарлық дәрігерлер тарапынан тиісті сынамалар алу жұмыстары жүргізіледі", – деп жазылған хабарламада.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу