Маңғыстау облысында көлік аударылып, жүргізуші мерт болды

106

Оқиға Ақтау–Бейнеу–Атырау тасжолында болған. 

Маңғыстау облысында көлік аударылып, жүргізуші мерт болды Фото: Фото: Lada.kz

Маңғыстау облысында Toyota Land Cruiser көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдан шығып кетіп, көлік аударылып қалған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Апат салдарынан 51 жастағы жолаушы – Бейнеу тұрғыны оқиға орнында көз жұмды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы (Көлiк құралдарын басқарушылардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша тергеу басталды.

Полиция жүргізушілерге аса мұқият болып, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Жолдағы қауіпсіздік – сіздің, жолаушылардың және өзге де жүргізушілердің өмірі", – делінген Маңғыстау облыстық полиция департаментінің хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу